2017 жылдың 21 қыркүйегінде Алматы қ. Қазақстан Республикасы Әділет министрігі Ұлттық зияткерлік меншік инситуты филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Өнеркәсіптік меншік: түсінігі, қорғау және құқықтарды беру» тақырыбында оқыту семинарын өткізуді жоспарлап отыр.
Аталған семинарды өткізудегі мақсат – қызығушылық танытқан тұлғалардың зияткерлік меншік саласындағы білімін арттыру және зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне енгізілетін негізгі түзетулер туралы мәлімет беру.
Семинарға мемлекеттік органдардың, ЖОО-ң, ҒЗИ-ң, шағын және орта бизнес өкілдері шақырылатын болады. Дәрістерді аталған саладағы үлкен тәжірибелік жұмыс өтілі бар «ҰЗМИ» РМК филиалының өндірістік бөлімдерінің басшылары мен сарапшылары оқиды.
Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылатын болады:
- өнеркәсіптік меншіктің негізгі түсініктері;
- патенттік құжаттаманы дайындау;
- селекциялық жетістік объектілерін қорғау;
- патенттік ландшафт түсінігі;
- шетелдік патенттеудің артықшылықтары;
- тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және өнеркәсіптік үлгінің белгілері және оларды қорғау қабілеттіліктерінің негізгі талаптары;
- лицензиялық шарттар.
Семинар соңында «ҰЗМИ» филиалының сарапшылары зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау мәселелері бойынша консультация беріп, тәжірибелік көмек көрсететін болады.
Семинардың басталу уақыты: 2017 жыл 21 қыркүйек, сағат 10.00-де.
Өтінімдер ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Семинарға қатысу тегін.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды семинарға шақырамыз.
Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.
Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы немесе
edu.center@kazpatent.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 397-75-23 және 397-73-35 телефондары бойынша хабарласыңыз.