2017 жылғы 13-14 қыркүйекте Астана қаласында таңбаларды халықаралық тіркеудің Мадрид жүйесін пайдалану мәселесі және тіркелмеген өнеркәсіп үлгілерінің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету мәселесі бойынша Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) семинарлары өткізіледі.
ДЗМҰ және Қазақстандық лекторлары тауар таңбаларды халықаралық тіркеу өзекті мәселесін және өнеркәсіп үлгілердің қорғаудың әртүрлі тәсілдерін талқылайды.
Жұмыс тілдері - орыс және ағылшын тілдері.
Барлық мүдделі тұлғалар семинарларға қатысуға шақырылады. Қатысу тегін.
Өткізілу орны: Астана қаласы, Rixos PresidentAstana қонақ үйі, Қонаев к-ші, 6.
Басталуы 09: 30-да.
Қатысу үшін saimo-niis@yandex.ru электронды мекен-жайына 2017 жылғы 9 қыркүйегіне дейін өтінім беру қажет.