Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Астана қ. 13 қыркүйекте Қазақстан Патенттік жүйесінің 25 жылдығы аталып өтілді

15 қыркүйек, 2017
Астана қ. 13 қыркүйекте Қазақстан Патенттік жүйесінің 25 жылдығы аталып өтілді (Қазақстан Республикасының Патенттік ведомствосы 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы ұлттық патенттік ведомство туралы» №806 Жарлығымен құрылды). Мерекелік іс-шарада Қазақстан Республикасының Патенттік ведомствосының экс-басшылары, зияткерлік меншік саласының еңбек сіңірген қызметкерлері, шетелдік патенттік ведомствосы өкілдері,патенттік сенім білдірген өкілдер, мемлекеттік және басқада ұйымдардың өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Әділет министрі М.Б. Бекетаев, Еуразиялық патенттік ұйымның президенті С.Я. Тлевлесова, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Д.Р. Куставлетов құттықтау сөздермен шықты. Зияткерлік меншік саласында маңызды үлес қосқаны үшін Патенттік жүйенің 25 жылдығына орай мерекелік төсбелгілермен марапатталынды.
Фотоесеп