Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Бішкек қ. 2017 жылдың 14-15 кыркүйегі аралығында"Антиконтрафакт-2017" V Халықаралық форумы өтті.

18 қыркүйек, 2017
2017 жылғы 14-15 кыркүйегі аралығында Бішкек қ. (Қырғыз Республикасы)Еуразиялық экономикалық комиссиясы Қырғыз Республикасының Үкіметімен бірлесіп, Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда Министрлігінің және"Антиконтрафакт" халықаралық қауымдастығының қолдауымен "Антиконтрафакт-2017" V Халықаралық форумы өткізілді.
Бұл форумға сараптама ұйымның зияткерлік меншікті қорғаудың реттеу механизмдері мәселелері жөнінде хабардар болуды арттыру, алғаннан кейін тиісті қорғау мақсатында "ҰЗМИ" РМК қызметкері А. Абенова қатысты.Форум аясында Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің өкілетті мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін құқық иелер және олардың өкілдері жиналып тауар белгісін заңсыз пайдаланумен байланысты мәселелерді талқылады.
Бүгінгі таңда елде зияткерлік меншікті дамытудың маңызды аспектісі оның объектілеріне қорғаныс алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар оның құқықтарын қорғаудың тиімді шаралары болып табылады. Сонымен қатар, сол бөлігінде осы кеден одағына қатысушы елдер үшін маңызды мәселе ұлттық заңнамаларды үйлестіру болып табылады
Екі күндік форум баяндамашылардың сөз сөйлеуі барысында дайындаған көптеген ақпараттарымен толықты.
Сонымен қатар, ЕЭК өкілдері Қазақстан Республикасында тиісті уәкілетті органдар құқық иеленушілерге зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын азаматтық, құқықтық, әкімшілік және қылмыстық іс жүргізуде қорғауға шақыратын құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық деңгейлеріне бөлінетін қызметтерге иеленетінін атап көрсетілді.