2017 жылдың 29 қыркүйегінде «Металлургия және кен байыту институты» АҚ «Өнеркәсіптік меншік саласындағы заңнама және құқықтарды пайдалану» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар жұмысына аталған институттың патенттік бөлімінің басшысы, лабораториялар меңгерушілері, ғылыми хатшысы, ғылыми қызметкерлер мен «ҰЗМИ» Алматы қ. филиалының қызметкерлері қатысты.
Лектор ретінде Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы В.П. Федурин дәріс оқыды.
Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылды:
- өнеркәсіптік меншік саласындағы заңнама;
- өнеркәсіптік меншік саласында құқықтарды пайдалану;
- шарт түрлері;
- шетелдік патенттеу және т.б.
Сонымен қатар, сарапшы семинар қатысушыларын зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ҚР-ң кейбір заңнамалық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен түзетулер жайында ақпараттандырды.
Қатысушылар ЗМ саласындағы үкіметаралық келісімдер, тіркелген өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпарат алу, шетел патенттік ведомстволарында алуға болатын қорғау құжаттары және осы қызметтердің құны туралы сұрақтар қойды.
Семинар соңында институт өкілдері ұйымдастырушыларға берілген ақпаратқа үшін алғыс айтты.