Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2017 жылдың 03 қазанында Алматы қ. «Өнеркәсіптік меншік саласындағы заңнама және құқықтарды пайдалану. Тауар таңбалары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді

04 қазан, 2017
2017 жылдың 03 қазанында «Рамстор Қазақстан» ЖШС-де «Өнеркәсіптік меншік саласындағы заңнама және құқықтарды пайдалану. Тауар таңбалары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.Семинар жұмысына аталған ұйымның оқу бөлімінің басшысы, заңгерлер, қызметкерлер мен «ҰЗМИ» Алматы қ. филиалының қызметкерлері қатысты.Лекторлар ретінде Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы В.П. Федурин мен Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді талдаулық зерттеулер бөлімінің басшысы Ж.Е. Омарбекова дәріс оқыды.
Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылды:
- тауар таңбалрын ҚР және шетелде тіркеу;
- ТТ тіркеудің кезеңдері және ТҚХС сыныптары;
- шарт түрлері;
- лицензиялық шарт жасаудың тәртібі.
Дәріс барысында лекторлар семинар қатысушыларын зияткерлік меншік саласындағы ҚР-ң кейбір заңнамалық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен түзетулер жайында ақпарат берді.Қатысушылар тарапынан тауар таңбаларын басқа тауарлар мен қызметтерге тіркеу мен тіркеу басрысын жеделдету, Мадрид келісімі және лицензиялық, сублицензиялық шарттар туралы сұрақтар қойылды.Шара соңында институт өкілдері ұйымдастырушыларға өткізілген семинар үшін алғыс айтып, осы тектес басқа семинар өткізуге ниет білдірді.