Ұлттық зияткерлік меншік институты
2017 жылдың 4 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінде 3-курс студенттері арасында «Патенттеу және қоршаған ортаны қорғау» пәні бойынша «Ашық сабақ» өтті.
Аталған шараға «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы бас маманы Б.О. Назаров сөз сөйледі.
Ол Ұлттық зияткерлік меншік институтының қызметі жайында, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілері өнертабыс, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары туралы және авторлық құқық объектілері туралы кеңінен көрнекі мысалдар арқылы айтып берді.
Өз кезегінде студенттер өнертабысты, тауар таңбасын, авторлық және сабақтас құқық объектілерін тіркеудің тәртібі мен талаптарына қатысты сұрақтар қойды. Сонымен қатар, қатысушылар зияткерлік құқықтарды қорғауға, автор немесе құқық иеленуші өз кәсіпкерлік ісін бастау барысында қолға алу қажет шаралар туралы қызығушылық білдірді. Барлық қойылған сұрақтарға лектор толық жауап беріп, зияткерлік құқықты бұзу мен қорғау бойынша мысалдар келтірді.
Шара соңында аталған факультет оқытушысы Венера Мукамеденқызы берген ақпарат үшін лекторға алғыс білдіріп, факультет атынан алғыс грамотасын табыстап, алдағы уақытта да ынтымақтастыққа үміт артты.