2018 жылдың 30 қаңтарында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалының Оқу орталығы «Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мен сақтаудың негіздері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинарда Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының басшысы, бас сарапшылары мен Оқу орталығының бас маманы дәрістер оқып, баяндамалар жасады.
Аталған іс-шараға ғылыми ұйымдардың, ЖОО-ң және «NPV» ЖШС, «LEGALMAX CENTRAL ASIA»ЖШС, «ЭФЕС Казахстан» АҚ шетелдік кәсіпорны, «НПТЦ «Жалын»ЖШС сияқты ұйымдардың өкілдері мен «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлері қатысты.
Семинарда өнертабыс, пайдалы модель мен секлекциялық жетістіктер сияқты өнеркәсіптік меншік объектілерін (ӨМО) құқықтық қорғаудың жалпы ережелері қарастырылды. Сонымен қатар, пайдалануға құқықтарды беру, шетелдік патенттеу және ӨМО-не электронды өтінім беру тақырыптары да сөз болды.
Шара барысында лекторлар ӨМО-не патенттік құжаттаманы дайындау, лицензиялық шарттардың сыныптамасы, Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес еуразиялық патент алу рәсімі, Патенттік кооперация туралы шарттың (РСТ) негізгі ережелері, ӨМО-не өтінімді электронды берудің артықшылықтары туралы кеңінен айтып берді.
Тыңдаушылар семинар жұмысы мен лекторлардың біліктілігін жоғары бағалап, шара ұйымдастырушыларына жемісті еңбек тіледі.