Ұлттық зияткерлік меншік институты
2017 жылы 14 желтоқсанында ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зяиткерлік меншік институты» РМК-ның Директорының бірінші орынбасары К.О. Батаева және Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің қызметкерлерінің Астана қ. «Тау Кен Алтын» ЖШС-не жұмыс сапары болды.
Сапар барысында зауыт директоры М.Ш. Тлеужанов зауыт цехтарына саяхат өткізді, саяхат барысында алтының аффинажы процессімен, жұмысымен және ұйымның болашақ жоаспарымен таныстырды.
Аталған зауыттың артықшылығы электрохимиялық технология тәсілі көмегімен асыл метталдардың ерекше аффинаж технологиясы болып табылады.
Сапар мақсаты шығарылған өніммен, өндірістік процесстермен, зауыттың технологиялық мүмкіндіктерімен танысу және ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Сапар нәтижесі бойынша «ҰЗМИ» РМК мен «Таукен Алтын» ЖШС арасындағы өнеркәсәптік меншік объектілерінің патенттік қорғау саласындағы біріккен негізгі қызмет бағыттары және ынтымақтастық мәселелері талқыланды.