Ұлттық зияткерлік меншік институты
2018 жылдың 27ақпанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Дараландыру құралдары: тауар таңбалары, тауар шығрылған жерлер атаулары мен өнеркәсіптік үлгілер. Авторлық құқық негіздері» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.
Аталған семинар бизнес-құрылымдардың өкілдеріне, атап айтқанда, өндірушлерге, дистрибьюторлерге және тұтынушыларға арналып отыр.
Шараға қонақ әрі лектор ретінде "KazFranch" Қазақстан франчайзинг қауымдастығының вице-призиденті шақырылып отыр. Сонымен қатар, «ҰЗМИ» филиалының білікті сарапшылары да дәріс оқитын болады.
Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылатын болады:
- тауар таңбасына өтінім беру рәсімі және оған қойылатын талаптар;
- тауар таңбасы саласындағы халықаралық келісімдер;
- тауар шығарылған жерлер атаулары ретінде тіркелетін белгілер;
- қорғау құжатын жарамсыз деп тану және оның қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату;
- авторлық құқық объектілері; авторлық құқық объектілеріне жататын шығармалар;
- авторлық құқықпен қорғалатын шығармаларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу.
Шара соңында «ҰЗМИ» филиалының сарапшылары өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау мәселелері бойынша консультация беріп, тәжірибелік көмек көрсететін болады.
Семинардың басталу уақыты: 2018 жыл 27 ақпан, сағат 10.00-де.
Семинар бағдарламасы мен өтінім формасы көрсетілген хабарлама қосымшасында берілген. Өтінімдер ағымдағы жылдың 25 ақпанына дейін қабылданады.
Семинарға қатысу тегін.
Қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды семинарға шақырамыз.
Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қ-сы, Ришат және Мүслім Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.
Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы немесе edu.center@kazpatent.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 397-75-23 және 397-74-30телефондары бойынша хабарласуға болады.