Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2018 жылдың 09 ақпанында РМК филиалының Оқу орталығы семинар өткізді

15 ақпан, 2018

2018 жылдың 09 ақпанында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «НұрОтан» партиясының Медеу аудандық филиалымен бірлесе Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназиясында 6-7 сынып оқушыларына арналған «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына аталған мектептің тәрбие істері жөніндегі меңгерушісі және оқушылары қатысты.

Лектор ретінде Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров дәріс оқып, авторлық құқық объектілері туралы мысалдар арқылы кеңінен мәлімет берді.

Оқушылар семинар жұмысына белсенді қатысып, авторлық құқық объектілерін қорғау, авторлық талаптары, автордың құқықтарын заңсыз пайдалану туралы сұрақтар қойды.

Шара соңында тәрбие істері жөніндегі меңгерушісі ұйымдастырушыларға алғыс айтып, қызметте жеміс тіледі.