Ұлттық зияткерлік меншік институты
Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК жұмысының қорытындысы бойынша өндірістік кеңес болып өтті. Отырыс барысында 2017 жылы атқарылған жұмыс қорытындыланды және 2018 жылы атқарылатын жұмыс бойынша басым міндеттер анықталды.
2018 жылдың 10 қаңтарындағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыруға және 2017 жылдың қорытындысы бойынша Әділет министрлігі алқасының кеңейтілген мәжілісінде Әділет министрінің берген тапсырмаларын орындауға бағытталған жоспарланған шараларды талқылауға ерекше мән берілді.
«ҰЗМИ» РМК директоры Е.Қ.Оспанов 2017 жылдың кәсіпорын үшін жемісті және қарқынды жұмыс атқарылған жыл болғандығын атап өтті. Сараптамалық қызмет көрсету тәртібі жітілдірілді, іс жүргізу процесі автоматтандырылды, сондай-ақ сарапшылардың біліктіліктерін арттырулары қамтамасыз етілді.
2017 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеуге келіп түскен өтінімдер көлемі 2,5% артқан. Өнертабысқа келіп түскен өтінімдер 0,6%, пайдалы модельдерге өтінімдер 16,3%, селекциялық жетістіктерге өтінімдер 94%, тауар таңбаларына өтінімдер 0,8%, тауар шығарылған жерлердің атауларына келіп түскен өтінімдер 100% артты. Халықаралық және еуразиялық процедура бойынша өнертабыстарға берілген өтінімдер санының артқандығы (сәйкесінше 52% және 101,8%) тіркелген. Электронды берілген өтінімдер үлесі 47,5% артқан.
Қызмет көрсету процесіне «ҰЗМИ» РМК қатысатын мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен өтінімдер саны 2,5% артқан.
Зияткерлік меншік нарығының жандануына байланысты тіркелген лицензиялық шарттардың (9,7%) және кешенді кәсіпкерлік лицензия шарттарының үлесі (8,3%) артқан. Пайдалы модельдерге берілген патенттер саны да (2,4%) артты.
«ҰЗМИ» РМК директоры Е.Қ.Оспанов кәсіпорынның 2018 жылғы басты басымдылығы бұрынғыдай сапалы және өз уақытылы сараптамалық қызмет көрсету болып қалатындығын атап көрсетті. Кәсіпорын қызметін цифрландыру жұмыстары жалғастырылатын болады: өтінім берушілермен электронды байланыс орнатуды дамыту, сонымен қатар бірнеше қызмет түрлерін электрондық форматқа ауыстыру жоспарлануда.
Кәсіпорынның жоспарында нейрондық желі бойынша жұмыс істейтін зияткерлік іздеу бағдарламасын әзірлеу қарастырылған. Оның енгізілуі тауар таңбаларына сараптама жүргізу сапасын арттырып, сараптама жүргізу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін болады.
Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік институтын дамыту және жаңа технологияларды коммерциялауға жәрдемдесу мақсатында «ҰЗМИ» РМК құқықтық түсіндіру жұмыстарына белсене қатысуды жалғастырады және отандық инновациялық компаниялармен серіктестік қатынас дамыту бойынша күш салатын болады.
Өндірістік кеңесті аяқтай келе, директор департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің басшыларына нақты тасырмалар берді.
Статистикалық мәліметтер айдарында толығырақ ақпаратпен http://kazpatent.kz/kk/content/statistikalyk-mlimetter сілтемесіне өту арқылы таныса аласыздар.