Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2018 жылдың 20 ақпанында РМК филиалының Оқу орталығы семинар өткізді

27 ақпан, 2018

2018 жылдың 20 ақпанында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «НұрОтан» партиясының Медеу аудандық филиалымен бірлесе Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназиясында 8-9 сынып оқушыларына арналған «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына аталған гимназияның мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Лектор ретінде Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров дәріс оқып, көрнекі мысалдар арқылы авторлық құқық объектілері туралы кеңінен мәлімет берді.

Оқушылар семинар жұмысына белсенді қатысып, авторлық құқық объектілерін қорғау, идеяны қорғау, автордың құқықтарын заңсыз пайдалану туралы, сондай-ақ, өнертабыстарды қорғау жөнінде сұрақтар қойды.

Шара соңында гимназия мұғалімдері өткізген семинар үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтты.