Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ХАБАРЛАМА! 2018 жылдың 24 сәуірінде «ҰЗМИ» филиалы Алматы қаласында Халықаралық зияткерлік меншік күніне орай «Ашық есік күні» өтеді

12 сәуір, 2018

2018 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институтының» («ҰЗМИ» филиалы) Алматы қ. филиалында Халықаралық зияткерлік меншік күніне орай «Ашық есік күні» өтеді.

Аталған шарада «ҰЗМИ» филиалының басқарма және бөлім басшылары келесідей тақырыптар бойынша баяндама жасайтын болады:

- Патент өнертабысқа берілетін айрықша құқық ретінде;

- Тауар таңбасын ҚР-да тіркеу қандай құқықтар береді?;

- Өнертапқыштық саласында жетістіктердің «Шапағат» Республикалық байқауы туралы.

Бұдан бөлек, қонақ ретінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізіміне кірген, 50-ге жуық ғылыми жобалары бар жас өнертапқыш шақырылып отыр.

Сонымен қатар, шараға ЖОО мен Ғылыми-зерттеу институттарының патенттанушылары мен қызметкерлері шақырылды.

Дөңгелек үстелдің басталу уақыты, 2018 жыл 24 сәуір, сағат 15.00-де.

Шараға қатысу тегін.

Мекен-жай: Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы).

Шараға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына, тел.: 8 (727) 397-75-23 телефоны бойынша немесе edu.center@kazpatent.kz электрондық поштасына хабарласуға болады.

БАҒДАРЛАМА