Ұлттық зияткерлік меншік институты
2018 жылдың 10 сәуірінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технологиялар факультетінде «Өнертабыс пен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектісі ретінде. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне электронды өтінім беру» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.
Семинар жұмысына аталған факультеттің оқытушылары мен студенттері, барлығы 26 адам қатысты.
Лектор ретінде Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Л.Г. Джаманшалова (дәріс тақырыбы: Өнертабыс пен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектісі ретінде) мен Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров (дәріс тақырыбы: Өнеркәсіптік меншік объектілеріне электронды өтінім беру) дәріс оқыды.
Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылды:
- өнертабыс пен пайдалы модель түсінігі;
- өнертабыс пен пайдалы модельдің патенке қабілеттілік талаптары;
- жоғарыда аталған объектілерге патенттің әрекер ету мерзімдері;
- электронды өтінім берудің артықшылықтары;
- электронды өтінім жасау.
Бұдан бөлек, семинар қатысушыларына Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берілді.
Семинар қатысушылары өтінім бланкісін толтыру, сараптама ұйымы атқаратын жұмыстар мен қызметтерге төлемді жеңілдетілген категория өкілінің жүргізуі, тақырыптық іздеу жүргізу, авторлық құқық объектілері және т.б. туралы сұрақтар қойды.
Семинар соңында аталған факультет өкілдері өткізілген семинар үшін зор алғыс білдіріп, осы форматтағы басқа тақырыптар бойынша семинар өткізуге ниет білдірді.