Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Ұлттық зияткерлік меншік институты Ашық есік күніне шақырады

17 сәуір, 2018

2018 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты Ашық есік күнін өткізеді.

Қалаушы әрбір тұлға патент сарапшыларының жұмысымен таныса алады және өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді, тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге өтінімдер беру мәселелері бойынша тегін кеңестер ала алады.

Бұдан басқа, лицензиялық және франчайзингтік келісімдерді, сондай-ақ айрықша құқықтарды иеліктен шығару туралы басқа да келісімдерді тіркеу бойынша кеңес беріледі.

Өткізу орны:

  • Астана қаласы («ҰЗМИ» РМК орталық кеңсесі): Қорғалжын тас жолы, 3Б ғимараты;
  • Алматы қаласы («ҰЗМИ» РМК филиалы), Абдуллиндер көшесі, 6/1 (Жібек Жолы көшесінің қиылысы).

Орталық кеңседегі (Астана қ.) Ашық есік күніне қатысу үшін 2018 жылдың 23 сәуіріне дейін 8 (7172) 62-15-42 нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе пошта бойынша хабарлама қалдырыңыз: international@kazpatent.kz, байланысушы тұлға: Сәуле Молдабек, Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының маманы.

Алматы қ. филиалындағы Ашық есік күніне қатысу мәселелері бойынша «ҰЗМИ» РМК Оқу орталығына, тел .: 8 (727) 397-75-23 немесе edu.center@kazpatent.kz электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз.