Ұлттық зияткерлік меншік институты
2018 жылдың 16 сәуірінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» филиалының Оқу орталығы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында (КИМЭП) «Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын тіркеу» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.
Аталған шарада Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді талдаулық зерттеулер бөлімінің басшысы Ж.Е. Омарбекова «Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын тіркеу» тақырыбында дәріс оқыды.
Аталған Институт студенттері тауар таңбаларын тіркеу, ұқсастық пен баламалықты анықтау үшін жасалатын сараптама, жалпыға мәлім тауар таңбалары туралы және басқа да сұрақтар қойды.
Семинар соңында университеттің қауымдастық профессоры Э.М. Боговиева лекторға «Бэнг атындағы Бизнес колледжінің» атынын алғыс хат табыстап, семинар ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.