Ұлттық зияткерлік меншік институты
2018 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» филиалында («ҰЗМИ» филиалы) Халықаралық зияткерлік меншік күніне орай «ХХІ ғасырдағы инновациялар мен зияткерлік меншік» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді.
Семинар жұмысына «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлері, өнертапқыштар, патенттік сенімді өкілдер, патенттанушылар және Инновациялық технологиялар паркінің өкілдері қатысады. Аталған шарада өнертапқыштардың перспективалық әзірлемелері көрсетіліп, инновация мәселелері талқыланатын болады.
Семинардың басталу уақыты 2018 жылдың 26 сәуірі, сағат 10.00-де.
Шараға қатысу тегін.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды семинарға шақырамыз!
Мекен-жай: Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы).
Дөңгелек үстелге қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8 (727) 397-75-23 телефоны бойынша немесе edu.center@kazpatent.kz электрондық поштасына хабарласуға болады.