Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері тоғызыншы сынып оқушыларына сынып сағатын өткізді

19 сәуір, 2018

Халықаралық зияткерлік меншік күні мерекесіне орайластырылған шаралар жоспарын іске асыру аясында ҰЗМИ өкілдері 2018 жылдың 17 сәуірінде Астана қаласының №1 мектеп- лицейінің 9-сынып оқушыларына сынып сағатын өткізді.

ҰЗМИ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен бас сарапшылары өз баяндамаларында зияткерлік қызмет нәтижелерін құқықтық қорғаудың маңыздылығы туралы айтып өтті және оқушыларға өнеркәсіптік меншіктің әрбір объектісінің ерекшеліктерін мысалдар арқылы түсіндірді.

Материалдар қатысушылар арасында талқылана отырып баяндалды. Қатысушылар аталған тақырыпқа қызығушылықтарын білдірді және өз пікірлерімен бөлісті.

Сынып сағаты достық атмосферада өтті.

ҰЗМИ қызметкерлері шараның соңында белсене атсалысқандары үшін тоғызыншы сынып оқушыларына алғыстарын білдірді және оларға шығармашылық табыс тіледі.