Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide

«ҰЗМИ» РМК делегациясының КАЗГЮУ университетінің студенттерімен кездесуі

19 сәуір, 2018

2018 жылдың 18-ші сәуірінде Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеуге орай Ұлттық зияткерлік меншік институтының делегациясы КАЗГЮУ университетінің студенттерімен кездесті.

Іс-шара 2018 жылы Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеу аясында жүзеге асырылған «ҰЗМИ» РМК ақпараттық науқанының елшісі болып табылатын, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қатысуымен өтті.

Іс-шарада Серік Сәпиевпен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы сот төрелігі академиясының ректоры Төлеш Қаудыров, «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов, КАЗГЮУ Университетінің Жалпы білім беру пәндері мектебінің директоры Рахимбек Жолаев құттықтау сөз сөйледі. Олар жастар арасында зияткерлік меншікті тіркеу туралы ақпараттандырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында «ҰЗМИ» РМК құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, селекциялық жетістіктерді, тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлердің атауларын, өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың маңыздылығын, сондай-ақ «ҰЗМИ» РМК зияткерлік меншіктің рөлі мен ерекшелігін ілгерілетудегі қызметінің маңызын атап өтті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушы тараптар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді және қонақтарды келе жатқан Халықаралық зияткерлік меншік күнімен құттықтады.