Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Халықаралық зияткерлік меншік күнін тойлау щеңберінде «ҰЗМИ» РМК ақпараттық іс-шаралардың амбассадоры болып тағайындалды

19 сәуір, 2018

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты, 2005 және 2007 жылы бокстан әлем чемпионы, 2012 жылы Олимпиада чемпионы, 2012 жылы Вэла Баркер кубогінің иегері, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев, 2018 жылғы Халықаралық зияткерлік меншік күнін тойлау шеңберінде «ҰЗМИ» РМК-мен жүзеге асырып отырған ақпараттық шараның амбассадоры болды.

2018 жылы 18 сәуірде Серік Сәпиев бұл шешімді «ҰЗМИ» РМК ұжымымен кездесу қорытындысы бойынша қабылдаған болатын.

Серік Сәпиев «ҰЗМИ» РМК сарапшыларымен сұхбат барысында, спорт саласындағы өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ спорттық саймандауды әзірлеу барысында, түрлі патенттелген зерттемелер қолданылатын, және тауар таңбалары спорттық тауарды таңдау барысында бірден-бір шешуші факторы екенін атап өтті.

Кездесу соңында «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов Серік Сәпиевті Халықарылық зияткерлік меншік күніне арналған іс-шараларға қатысуға келісім бергеніне алғыс айтып, «ҰЗМИ» РМК ұжымына КАЗГЮУ Университеті студенттерімен кездесуге қосылу жөнінде ұсыныс жасады.