Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Ұлттық зияткерлік меншік институты әйел- өнертапқыштықтарды құттықтады

23 сәуір, 2018

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы 2018 жылы жариялаған Халықаралық зияткерлік меншік күні тақырыбы «Өзгерістің қозғаушы күші: инновация мен шығармашылықтағы әйелдер қауымы».

2018 жылдың 20-шы жұлдызында Ұлттық зияткерлік меншік институты осы мереке қарсаңында Астана қаласында тұратын әйел-өнертапқыштарға өздерінің шығармашылық қызметін дәріптеу, сондай-ақ олардың инновациялық әзірлемелерін іс жүзінде жүзеге асыру туралы ақпарат алу үшін іс-шара ұйымдастырды.

«ҰЗМИ» РМК басшылығымен кездесуге әртүрлі жылдары «Шапағат» республикалық байқауының марапатына ие болған әйел-өнертапқыштар шақырылды:

Ремеле Валентина Ванифантьевна, «Бұршақ дақылдарының өнімділігін арттыру үшін биологиялық өнімге негіз ретінде пайдаланылатын штамм», «Фитопатогендердің антагонист штамдарын таңдау үшін тестілік мәдениет ретінде пайдаланылатын штамм», «Дәнді дақылдардың ауруларына қарсы фунгицидтік әрекеті бар штамм» және «Лимон қышқылын өндіруші, штамм» өнертабыстары үшін «Үздік әйел-өнертапқыш» (2012) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының марапатының иесі;

Сарсенова Мадина Арыстанқызы, «Құрылыс материалдары түріндегі қалдықтарды кәдеге жарату арқылы суды коагуляциялық өңдеу» өнертабысы бойынша «Ең жас өнертапқыш» номинациясында «Шапағат» өнертапқыштар байқауының лауреаты (2013);

Досмағамбетова Маржан Қуанышқызы, «Синтетикалық жуғыш зат» өнертабысы бойынша «Шапағат» өнертапқыштар байқауының дипломанты (2013);

Кухар Елена Владимировна, «Гибридті өсірілетін жануарлар клеткаларының штаммы MUS MUSCULUS L. - полисахарид антигенінде Trichophyton verrucosum моноклоналды антиденелерді өндіруші» өнертабысы бойынша «Шапағат» өнертапқыштар байқауының дипломанты (2011).

«ҰЗМИ» РМК директорының бірінші орынбасары Батаева Қ.О. және «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Қуантыров Е.С. әйел-өнертапқыштарға құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, кездесуге «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің және Мемлекеттік тіркелім және келісімдерді сараптау департаментінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қонақтар марапатқа ие болған өнертабыстарының болашақтағы тағдыры, сондай-ақ олардың ғылыми мүдделерінің қазіргі саласы туралы хабардар етті.

Кездесу жылы және достық жағдайда өткізілді.

Қорытындысында қонақтар «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ға іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдіріп, сараптамалық ұйымның ұжымын алдағы мерекемен құттықтады.