Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ДЗМҰ өкілдерімен іскерлік кездесу өтті

24 сәуір, 2018

2018 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаменті мен «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК басшылығы және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өкілдері арасында іскерлік кездесу өтті: ДЗМҰ-ның Өтпелі және дамыған елдер Департаментінің Кавказ, Орталық Азия және Шығыс Еуропа бөлімінің басшысы Илья Грибков және ДЗМҰ Авторлық Департаментінің кеңесшісі Анита Хасс.

Кездесуге ҚР ӘМ ЗМҚД директорының орынбасары Бекет Аллигожин, «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов, сондай-ақ «ҰЗМИ» РМК директор орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Кездесу барысында Ұлттық зияткерлік меншік институтының қызметі ұсынылып, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен өзара әрекеттестіктің түрлі аспектілері талқыланды.

Кездесу нәтижесінде келешек ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.