2018 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты Халықаралық зияткерлік меншік күні аясында Ашық есік күнін өткізді.
Жұмыс күні бойы барлық 0алаушылар Астана қаласындағы «ҰЗМИ» РМК орталық аппаратына, сондай-ақ Алматы қаласындағы кәсіпорынның филиалына баруға мүмкіндіктері болды.
Іс-шараға студенттер, университеттің және ғылыми мекемелердің қызметкерлері, патент иелері, отандық компаниялардың өкілдері, патенттік сенім білдірілген өкілдер қатысып, кеңседе құжаттарды қабылдаудан бастап, ресми бюллетеньде тіркелген объект туралы ақпаратты жариялау секілді өтініштердің толық өңдеуімен танысты.
Қонақтарды құттықтаған құрылымдық бөлімшелердің басшылары Қазақстан Республикасында өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауарлық белгілердің және тауар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау, сондай-ақ зияткерлік меншіктің рөлі мен маңызын көтермелеу үшін сараптамалық ұйымның жұмысы туралы айтып берді.
Сонымен қатар, Алматы қаласы филиалы Әділет департаментінің ҰЗМИ РМК-ның Зияткерлік меншік бөлімінің басшысы Құлантаев Б.Н. ашық есік күнінде сөз сөйледі. Ол Әділет департаменті зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықты анықтау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. «Қазақстанның 100 жаңа тұлғалары» тізімінде тұрған жас өнертапқыш Т.Рыспековтың сөзі қызықты болды: ол Ашық есік күні қатысушыларын өздерінің өнертабыстары мен ғылыми жобаларымен таныстырды.
Барлық қатысушылар қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша кеңестер алды және іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.
Астана қаласы
Алматы қаласында РМК "ҰЗМИ" филиалы