Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Назар аударыныз! "Шапағат" республикалық форумы бастама алды.

26 сәуір, 2018

"Шапағат" Республикалық форум Жобасы 2018 жылы 26 сәуірде бастама алды.

Әділет министрлігі мен «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны халық арасында өнертапқыштық белсенділікті ынталандыруға бағытталған Жобаны іске қосты. Жоба шеңберінде "Шапағат" республикалық форум интернет-ресурсы әзірленді, онда электрондық форматта:

  • Өнертабыстар жәрмеңкесі;
  • "Шапағат" республикалық конкурсы;
  • Жас өнертапқыштар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлап тап та жасампаз бол» конкурсы өткізіледі.

Өнертабыстар жәрмеңкесі өнертапқыштарға өз өнертабыстарын өзіндік жылжытуға, қосымша мәліметтерді орналастыруға, өз өнертабыстарын өндіріске енгізу үшін бизнес серіктестерді іздеуге мүмкіндік береді.Өз кезегінде әлеуетті инвесторлар жәрмеңке алаңында орналасқан өнертабыстарға қол жеткізе алады.

"Шапағат" өнертапқыштар конкурсы аясында интернет пайдаланушылар әлеуметтік желілер және СМС жолдау арқылы онлайн-дауыс беру жолымен олардың ойынша ең жақсы деген өнертапқыштарды таңдайды.

"Шапағат" өнертапқыштар конкурсына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2018 жылғы 26 сәуірден басталады және 26 тамызда аяқталады. Интернет ресурстарды пайдаланушылар арасында дауыс беру ү.ж. 27 тамыздан 30 қыркүйекке дейін өтеді. Қорытындылары қазан айында жасалады.

Оқушылар арасындағы «Болашақ сенің қолыңда: ойлап тап та жасампаз бол» конкурсына Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Конкурс 2018 жылғы 26 сәуірде басталады және 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Барлық қалаушыларды конкурсқа қатысуға шақырамыз! Сәттілік тілейміз!

"Шапағат" республикалық форумына» сілтеме:

http://shapagat.kazpatent.kz/kk