Ұлттық зияткерлік меншік институты
2018 жылдың 26 сәуірінде ҰЗМИ өкілдері Халықаралық зияткерлік меншік күніне арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болды және «Роботты техника» элективті курсы студенттерімен кездесу өткізді.
Сөз сөйлеу барысында ҰЗМИ сарапшылары 2018 жылдың зияткерлік меншік күнінің тақырыбы туралы, сондай-ақ Зияткерлік қызметтің нәтижелерін құқықтық қорғаудың маңыздылығы, өнертабыстың рөлі және оларды патенттеудің маңыздылығы туралы баяндады.
Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары тақырыпқа қызығушылық танытты және ҰЗМИ қызметкерлерімен сұхбатқа белсене қатысты. Қазақстанда және шетелде өнертабыстарын патенттеу қажеттілігі туралы сұрақтар қойып, робототехникадағы өз пікірлері және табыстарымен бөлісті.
Қорытындылай келе, ҰЗМИ қызметкерлері студенттерді Халықаралық зияткерлік меншік күнімен құттықтап, оларға шығармашылық табыс тіледі.