Ұлттық зияткерлік меншік институты
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК «Зияткерлік меншік астана дамуының драйвері ретінде» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.
Шара Қазақстан Республикасы елордасының 20 жылдығын мерекелеу аясында 2018 жылы 27 маусымда өтеді.
Қазақстанның жас елордасы Астана жоғары технологиялар орталығы және инновациялардың өңірлік хабы ретінде қаралады. Астанада енгізіліп жатқан барлық жаңа технологиялар астаналық тұрғындардың өмір сүру сапасын, жайлылығын және шаруашылық қызметін жақсартуға бағытталған. Бүгінде қалада тұрғындардың жайлылығын, жоғары технологиялылық және ұтқырлығын қамтамасыз ететін жобалар іске қосылған.
Алайда, зияткерлік меншіктің әлеуеті Астананың ғылыми-технологиялық және инновациялық дамуы үшін толықтай пайдаланылмайды. Әрі қарай ғылыми-техникалық, инновациялық және өнертапқыштық қызметтің дамуы зияткерлік меншік объектілерінің тиімді күзетілуі мен қорғалуына байланысты.
Дөңгелек үстелде талқылау үшін келесі сұрақтар ұсынылады:
Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, патенттік сенім білдірілгендер, ҰЗМИ сарапшылары, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысады.
Өтетін орны: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 3В- ғимараты, 5- қабат, «ҰЗМИ» РМК конференц-залы (Басталуы: 10:00).
Аталған дөңгелек үстелге қатысу үшін 2018 жылдың 20 маусымына дейін 8 (7172) 62-15-42, 62-15-13 телефоны арқылы немесе international@kazpatent.kz поштасына хабарлама жолдау арқылы алдын-ала тіркелулеріңізді сұраймыз.
Байланысатын тұлғалар:
Инкара Шертышева, даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының орынбасары, тел.: 8 (7172) 62-15-13;
Сауле Молдабек, даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының маманы, тел.: 8 (7172) 62-15-42.