Ұлттық зияткерлік меншік институты
Құрметтіөтінімберушілер және басқа да мұдделі тұлғалар!
Сіздерді ағымдағы жылдың 18 мамырында сағат 15.00-де Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 3Б-ғимараты, 501-кабинет мекен-жайы бойынша тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерге өтінім беру және тіркеу рәсімі мәселелері жөніндегі практикалық сабаққа шақырамыз.
Практикалық сабақта келесі тақырыптар қарастырылатын болады:
- тауар таңбасы мен өнеркәсіптік үлгіге электронды өтінім беру;
- тауар таңбасы мен өнеркәсіптік үлгіге өтінім беруге қойылатын талаптар;
- тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді тіркеуге сараптама жүргізу рәсімі мен кезеңдері;
- тауар таңбаларын халықаралық тіркеу рәсімі .
Байланысатын тұлға: Асем Капбасова, жұм.: 8-7172-62-15-69, моб.:8-702-162-93-03, e-mail: a.kapbasova@kazpatent.kz.