Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және алдын-алу» тақырыбында семинар өтті

17 мамыр, 2018

2018 жылдың 16 мамырында мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіліп жатқан саясатты қолдау мақсатында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және алдын-алу» тақырыбында семинар өткізді. Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы О.Е. Мұсағали қатысты.

О.Е. Мұсағали өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №155 Жарлығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманың негізгі ережелерін түсіндіріп өтті. Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулықтарын да түсіндіріп өтті.

«ҰЗМИ» РМК Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекетік қызметтерді мониторингілеу басқармасының басшысы А.В.Тринколенко өзінің баяндамасы аясында кәсіпорында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру және құқықтық хабардарлықты арттыру бойынша тиімді шаралар қабылданып жатқандығын айтты. Бұл шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетері анық.

Агенттік өкілі «ҰЗМИ» РМК қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді және семинарды қорытындылай келе мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жәрдемдесулері керек екендіктерін, сонымен қатар тұрақты түрде оның алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуі керек екендігін атап өтті.