Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Шетелде патенттеу тақырыбы бойынша вебинар болып өтті

25 мамыр, 2018

2018 жылы 23 мамырда Алматы қаласында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (әрі қарай- ҚЕжӨШҒЗИ) үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК «Шетелде патеттеу» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар жұмысына ҚЕжӨШҒЗИ ғылыми қызметкерлері қатысты. Патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Р.Жетыбаева баяндама жасады.

Вебинар барысында шетелде өндіру және лицензияны сатуда шетелде патенттеу мәселесі талқыланды. Вебинарда қатысушылар құқықтық қорғау объектілеріне, өнертабысқа патент беруге өтінімдерді беру және қарауға, өнертабыстарды қорғау мерзіміне, іс жүргізу тәртібі мен сараптамалық ұйыммен хат алмасуға қатысты сұрақтар қойды.

Вебинар соңында ҚЕжӨШҒЗИ өкілі Б. Башабаева ұйымдастырушыларға құқықтық түсіндіру жұмыстары үшін алғысын білдірді.