Ұлттық зияткерлік меншік институты
2018 жылдың 5 маусымында Баку қаласында Гейдар Алиев орталығында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Френсис Гарридің қатысуымен халықаралық конференция болып өтті.
«Зияткерлік меншікті, білім экономикасын және инновацияны қолдау» тақырыбындағы конференция жұмысына қазақстандық патенттік ведомствоның атынан Ұлттық зияткерлік меншік институтының директоры Е.Қ. Оспанов және Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының орынбасары И.Т. Шертышева қатысты.
Конференция зияткерлік меншікке авторлық құқықты қорғауды күшейтуге, сонымен қатар жаңа құқықтық базамен жұмыс жүргізуге ықпал ететін механизмді құру үшін шет мемлекеттермен тәжірибе алмасуға бағытталған.
Әзербайжан ғылым академиясының Президенті Акиф Ализаде, Білім министрі Джейхун Байрамов, Еуразиялық патенттік ұйымының Еуразиялық патенттік ведомствосы Президенті Сауле Тлевлесова, Патент және тауар таңбалары жөніндегі орталықтың Бас директоры Гюнель Севдималиева және т.б. спикер ретінде сөз сөйледі.
Халықаралық конференция аясында өңірлік семинар болып өтті. Семинар барысында «Материалдық емес активтер жаһандық құндар тізбегінде» және «Инновация және энергетика» тақырыбында баяндамалар оқылды, Әзербайжан университеттері құрған стартаптар көрмесі өтті.
Әзербайжан Республикасы Зияткерлік меншік агенттігі басқармасының Төрағасы Кямран Иманов ДЗМҰ Бас директоры Френсис Гарридің Бакуға сапарын жоғары бағалады және халықаралық конференцияның барлық қатысушыларына алғысын білдірді.