Ұлттық зияткерлік меншік институты
Бүгін, 2018 жылы 15 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және «Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы» ҰАҚ арасында ынтымақтастық туралы меморнадумға қол қойылды.
Сараптама ұйымы мен жасыл технология орталығы арасындағы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі басты бағыттар көзделген, соның ішінде, тәжірибе алмасу, біріккен іс-шаралар өткізу, өзара ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету болып табылады.
2017 жылдан бастап ҰЗМИ табиғатты қорғау және энергетикалық жобаларды ілгерлетуге бағытталған қызметін жүзеге асырады. Осы мақсатта сараптама ұйымы патенттелген жасыл технология жөнінде ашық реестр жүргізуде және жасыл патенттер жөнінде ақпаратты «Интеллектуальная собственность Казахстана» атты ғылыми-практикалық журналында жариялайды. «Жасыл технология және инвестициялық жобалар халықаралық орталық» арасындағымеморандумға қол қою осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға мүмкіншілік тудырады.
Меморандумға қол қою барысында ҰЗМИ директоры Ербол Оспанов және ХЖТмИЖО жетекшісі Рапиль Жошыбаев бір-бірін тиімді серіктістік дайын екендігі жөнінде мәлім етті. Меморандум шеңберінде бірінші іс-шара ХЖТмИЖО дөңгелек үстел жұмысына қатысу болады, дөңгелек үстел ҰЗМИ РМК-мен а.ж. 27 маусымда ұйымдастырылып, астананың инновациялық даму перспективалық мәселелерін талқылау болып табылады.