Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңесшілерімен кездесу

03 шілде, 2018

2018 жылдың 3 шілдесінде «ҰЗМИ» РМК басшылығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шетелдік кеңесшілерімен - Reed Smith LLP халықаралық заң фирмасының серіктестері Джонатан Рэдклифф мырзамен, Белинда Пэйсли ханыммен және аға кеңесші Ажар Кузутбаевамен кездесті. Reed Smith LLP өкілдері Патенттік ведомствоның қызметімен және"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 161-VI Заңынасәйкес негізгі өзгерістермен танысты. Кездесу барысында Дүниежүзілік банктің «Әділет секторын институционалдық нығайту» жобасы шеңберінде зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері талқыланды. Тараптар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қорғаудың өзекті мәселелері бойынша ұлттық және халықаралық деңгейде пікір алмасты, дамыған елдердің озық тәжірибелері және осы саладағы жаһандық үрдістер қарастырылды.