Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Филиалдың Оқу орталығы Вебинар өткізді

27 шілде, 2018

2018 жылдың 26 шілдесінде «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы «Бахус» АҚ «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары» атты тақырыбына вебинар өткізді.

Лектор ретінде «ҰЗМИ» филиалының Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдаулық зерттеулер бөлімінің басшысы Жанна Ермекқызы Омарбекова дәріс оқыды. Ол 2018 жылдың 20 маусымында қабылданған тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.

Осы Вебинарға «Бахус» АҚ өкілдері және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» филиалының қызметкерлері қатысты.

Вебинар қатысушылары тауар белгілерін тіркеу, құжаттарды сараптама жасау ұйымына тапсырған сәттен бастап өтініштерді қарау мерзімдері, тауар таңбасын пайдаланудан туындайтын сұрақтарды шешу және т.б. сұрақтар қойды.

Вебинардың соңында, «Бахус» АҚ патент өкілі Лисицкая А. берілген ақпарат үшін лекторға және ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.