Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «ҰЗМИ» РМК-да болды

24 тамыз, 2018

Бүгін, 2018 жылдың 23 тамызында, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-да Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарымен – «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшелері Парламент Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ахметов Сапар Қайратұлы, және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Бекболат Қанайұлы Тілеуханмен кездесу өткізілді.

Депутаттар «ҰЗМИ» РМК-ның зияткерлік шығармашылық жұмыс нәтижелерін тіркеудегі қызметімен, сонымен қатар Әділет Министрлігімен бірлесе жасалған зияткерлік меншікті құқықтық қорғауды насихаттауға бағытталған бастамалармен таныстырылды.

Атап айтқанда, «ҰЗМИ» РМК-мен қабылданып жатқан өтінімдер санының артуы

және «Жаһандық инновациялық индексі» әлемдік рейтингісі бойынша Қазақстанның ілгерілеуі.

Депутаттардың назарына аймақтардың инновациялық белсенділігі мен неғұрлым көп патенттер алған мемлекеттер мен Қазақстанда тіркелген тауар таңбалары жөнінде ақпарат ұсынылды.

«ҰЗМИ» РМК қызметі туралы презентация үлкен қызығушылық тудырды. Депутат Ахметов С.Қ. институтпен жасалатын жұмыстың маңыздылығын білдіріп, Қазақстанның зияткерлік әлеуетке ие екенін атап өтті. Депутат Бекболат Қ.Т.зияткерлік меншік құқықтарын тіркеудің маңыздылығына назар аударды және патенттік сарапшылардың жұмысы ерекше екендігін атап өтті.

Іс-шараның соңында депуттар институт ұжымының сауалдарына жауап беріп, кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, «ҰЗМИ» РМК жұмысына табыс тіледі.

Ескертпе. Бұл іс-шара «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшелері ҚР Парламентінің Мәжілісінің депутаттарының сайлаушылармен кездесу аясында ұйымдастырылған.