Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Филиалдың Оқу орталығы Вебинар өткізді

27 тамыз, 2018

2018 жылдың 24 тамызында «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы «Advantage.kz» ЖШС-не «Тауар таңбаларына қатысты ЗМ саласындағы заңнама» тақырыбында вебинар өткізді.

Лектор ретінде «ҰЗМИ» филиалының Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдаулық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Т.В. Горбунова «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ң Заңына сәйкес тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.

Аталған вебинарға «Advantage.kz» ЖШС-ң өкілдері және «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлері қатысты.

Вебинар қатысушылары зияткерлік меншік объектілерін тіркеудегі мемлекеттік алымдарды алып тастау, апелляциялық кеңесте және сот тәртібімен қаралатын дауларға қатысты және басқа да сұрақтар қойды.

Вебинар соңында, «Advantage.kz» ЖШС-ң өкілі Л.Р. Ян берілген ақпарат үшін ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді.