Ұлттық зияткерлік меншік институты
Директор орынбасары Н. Абулкаиров бастаған «ҰЗМИ» РМК делегациясы Қырғыз Республикасы зияткерлік меншік жүйесінің 25- жылдығына орай ұйымдастырылған Дәстүрлі білімдерді қорғау мәселесіне арналған аймақтық семинарға қатысты.
Семинар Қырғыз Республикасы Үкіметінің қасындағы Зияткерлік меншік және инновациялар Мемлекеттік қызметі (Қырғызпатент) және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) ұйымдастырылып, а.ж. 2-3 қыркүйек күндері ІІІ Әлемдік көшпенділер ойындары қарсаңында Ыстықкөл к., Қырғыз Республикасында өткізілді.
Семинар қатысушылары дәстүрлі білім және генетикалық ресурстарды қорғау мәселесін зияткерлік меншік институты тұрғысынан, шетелдік тәжірибелер және ДЗМҰ-ның арнайы қорғау механизмдерін дайындау бойынша халықаралық инициативасын қарастырды.
Семинардың құрметті қонақтары ретінде Еуразиялық патенттік ведомствосы (ЕАПВ), ДЗМҰ өкілдері, ұлттық патенттік ведомстволардың басшылары мен Еуразиялық патенттік конвенцияға мүше: Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Ресей Федерациясы, сонымен қатар Өзбекстан Республикасы мен Эстония өкілдері қатысты.
Семинар қатысушылары және қонақтары алдында құттықтау сөзінде ЕАПВ Президенті С. Тлевлесова халықаралық деңгейде дәстүрлі білімді құқықтық қорғау, оларды қолдану мен сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
«ҰЗМИ» РМК өкілдері Қырғызпатент ұжымын Ұлттық патенттік жүйесінің 25 жылдығымен құттықтап, мекемеге келешек өркендеу мен гүлденіп - көркеюді тіледі.