Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

А.ж. 5 қыркүйекте "ҰЗМИ" РМК-да Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Жұмағалиев А.Қ. төрағалығымен ҚР Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметтері үшін сараптамалық қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселесі бойынша көшпелі отырыс өтті

10 қыркүйек, 2018

А.ж. 5 қыркүйегінде «ҰЗМИ» РМК-да Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Жұмағалиев А.Қ. төрағалығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметтері үшін сараптамалық қызметтерін оңтайландыру мен автоматтандыру мәселесі бойынша көшпелі отырыс өтті.
Отырыс жұмысына ҚР Әділет министрі Бекетаев М.Б., ҚР Әділет министрінің орынбасары Пан Н.В., ведомствоаралық комиссияның мүшелері – ҚР АКМ, ҚР ҰЭМ, ҚР ҚМ, ҚР МҚІСЖҚІА, «ҰАТ» АҚ, Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ, «Нұр Отан» партиясы қатысты.
«ҰЗМИ» РМК Директоры Оспанов Е.К. кәсіпорын тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді және маңызды көрсеткіштерімен таныстырды.
Жұмағалиев А.Қ. сараптамалық бөлімдер қызметкерлерінің жұмыс орнына кіріп, кәсіпорын ұжымымен әңгімелесті. Бөлім басшылары өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жүргізу процедуралары және патенттік ведомствоны дамыту жөнінде ұсыныстары жөнінде сөйлесті.
Отырыс нәтижесінде Әділет министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға «ҰЗМИ» РМК қызметтерін келешекте оңтайлардыру және автоматтандыру бойынша бірқатар айқын тапсырмалар берілді.