Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«ҰЗМИ» РМК өкілдері «Қазақстан Республикасы зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты

13 қыркүйек, 2018

2018 жылы 13 қыркүйекте «ҰЗМИ» РМК өкілдері ҚР Әділет министрлігі Reed Smith LLP заң фирмасы - шетелдік кеңесшімен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев, өз сөзінде өнертапқыш және инновациялық қызметтің ерекше маңызыдылығына, сондай-ақ экономиканың дамуына және инвестициялық климаттың қолайлығын жасаудағы құқықтық қорғау тәсілдеріне көңіл аударды.

Дөңгелек үстел келесі спикерлері Reed Smith LLP Джонатан Рэдклиф және Белинда Пэйсли, зияткерлік меншік саласындағы қазақстандық сарапшылар Сауле Жусупбекова, Модангуль Тагбергенова, Нуржан Кумаров, ҚР мемлекеттік органдары және Қазақстан авторлық ұйымдар өкілдері сөз сойледі.

Дөңгелек үстел барысында авторлық және сабақтас құқықтықтарын қорғау, өнеркәсіптік меншік объектілері, мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару жүйесін жетілдіру, патенттік іздеу жүйелері, бағдарламалық жасақтаманы патенттеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және параллельді импорт мәселелері талқыланды.

Сарапшылармен Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын одан әрі жетілдірудегі дүниежүзілік тәжірибе негізінде ұсынымдар мен талдаулар ұсынылған болатын.