Ұлттық зияткерлік меншік институты
2018 жылғы 20 шілдедегі № 161-VI Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК 2018 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу жөнінде өтінімдерді қабылдауды жүзеге асырады.
Өтінімдер веб-порталда электрондық түрде қазақша немесе орысша тілде қабылданады. Толық ақпарат алу үшін ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК консультациялық секторға келесі телефондар бойынша +7 (7172) 62-15-15, 62-15-16 хабарласа аласыздар.