Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

27 қыркүйек, 2018

2018 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 548 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» күшіне енді, бұдан басқа, 2018 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 20 маусымдағы № 161-VI ҚРЗ Заңының 1-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшалары, 5-тармағының 2), 3) және 4) тармақшалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» күшіне енді, осыған байланысты:

  • "Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметі " Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтарының мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу" қызметіне қайта аталды.

Қызмет көрсетуші "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК болып табылады .

Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы және www.kazpatent.kz ресми сайт арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық.

  • "Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу" мемлекеттік қызметі" Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу" қызметіне өзгертілді.

Қызмет көрсетуші "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК болып табылады .

  • "Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу" мемлекеттік қызметі " Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу" қызметіне өзгертілді.

Қызмет көрсетуші "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК болып табылады .

  • "Тауар таңбасын тіркеу"мемлекеттік қызметі.

Қызмет көрсетуші "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК болып табылады .

  • "Өнертабысқа патент беру", "Пайдалы модельге патент беру", "Өнеркәсіптік үлгіге патент беру" мемлекеттік қызметтері " Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру"қызметіне біріктірілген.

Қызмет көрсетуші "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК болып табылады .

  • " Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетушісі "Ұлттық зияткерлік меншік институты"РМК болып табылады.
  • Сонымен қатар, зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның Салық кодексінің 614-бабында көзделген Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны үшін мемлекеттік бажды төлеу жеңілдетілді:
  1. патент беру үшін, тауар таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын тіркеу үшін - 1 АЕК;
  2. өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты беру, кепіл, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркегені үшін.

Өнертабысқа өтінім берген кезде формальды сараптама жүргізу үшін төлемді қоса алғанда, өтінім беру төлемін растайтын құжат Қазақстан Республикасының Патенттік Заңының 17-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге ұсынылады.

Төлем құжаты белгіленген тәртіппен ұсынылмаған жағдайда төлем туралы құжатты ұсыну үшін екі ай мерзім көзделген (мерзімді екі айға ұзарту үшін тиісті төлем жасалған жағдайда) .

Зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген барлық өзгерістермен толығырақ танысу үшін www.kazpatent.kz сайтта танысуға болады немесе байланыс орталығына келесі телефондар арқылы хабарласу қажет:

  • +7 (7172) 62-15-15;
  • +7 (7172) 62-15-16;
  • +7 (7172) 62-15-08.