Ұлттық зияткерлік меншік институты
2018 жылдың 12 қазанында «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы «Тұран» университетінің Гуманитарлық-заң факультетіне «Қазақстанда бизнесті дамытудағы тауар таңбаларын халықаралық тіркеудің Мадрид жүйесінің мүмкіншіліктері» тақырыбында вебинар өткізді.
Лектор ретінде «ҰЗМИ» филиалының Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдаулық зерттеулер бөлімінің басшысы Ж.Е. Омарбекова «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ң Заңына сәйкес тауар таңбалары туралы заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.
Аталған вебинарға Гуманитарлық-заң факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Вебинар қатысушылары қазақстандық өтінім берушіге және елдегі бизнесті дамытудағы тауар таңбаларын халықаралық тіркеудің Мадрид жүйесінің артықшылықтары туралы сұрақтар қойды.
Вебинар соңында, «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, з.ғ.к. Г.Қ. Пралиева берілген ақпарат үшін ұйымдастырушыларға зор ризашылығын білдірді.