Ұлттық зияткерлік меншік институты
2018 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Алматы қ. филиалында («ҰЗМИ» филиалы) Оқу орталығы «Зияткерлік меншік объектілерін бағалау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
«Зияткерлік меншік объектілерін бағалау әдістері» тақырыбында «Интеллект Партнерс» ЖШС-ң бағалаушы В.Д. Надточий баяндама жасап, зияткерлік меншік объектілерін бағалаудағы кейбір түсініктер туралы, кіріс және шығын негізіндегі әдіс түрлері, қайта қалпына келтіру әдісі, бағалау әдісін қолдану және т.б. туралы баян етті. Кәсіпкер-өнертапқыш Г.К. Колокольникова өз өнертабысын коммерцияландыру туралы, ғылыми-зерттеу жұмыстарынан бастап, оны енгізуге дейін айтып берді. ИТП АЭА Комитетінің инфрақұрылымдық мәселелер бойынша директорыС.Д. Рашев «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қорының қызметі жайындажәне оның жобалары жайында сөз етті.
Тыңдаушылар дөңгелек үстел жұмысына белсенді түрде араласып, баяндамашыларға көптеген сұрақтар қойды:
Дөңгелек үстел соңында филиал басшылығы қатысушыларға алғыс айтып, жемісті еңбек тіледі.