Ұлттық зияткерлік меншік институты
2018 жылдың 13 қарашасында «ҰЗМИ» РМК бас кеңсесінде патенттің, заңи және бизнес-ақпараттарды, ұйымдар мен жеке тұлғалар, сонымен қатар халықаралық БАҚ мұрағаты туралы ақпараттарды жаһандық жеткізушісі – LexisNexis ұйым өкілдері ресми сапармен болды.
LexisNexis өкілдері Институт қызметкерлерін LexisNexis ұйымының қызметі туралы презентациялық мағлұматпен және ұйым мен оның құрылымы туралы ақпаратпен бірге ауқымды патенттік деректерді қоса алғанда, патенттік талдауға арналған құралды ұсынатын, PatentSight патенттік сараптаудың жаңа жүйесімен таныстырды.
Аталған жүйе мықты патенттерді әшкерелейтін және бәсекелестерге, клиенттерге және технологияның даму динамикасына жақсы түсінік беретін, Patent Asset Index ғылыми дәлелденген әдістеме негізінде патенттерді бағалауға мүмкіндік береді.Ерекше назар PatentSight патенттік іздестіру мен сараптау жүйесінде LexisNexis ұйымының өнімдердің шешімдерін тәжірибе жүзінде көрсетіліуіне аударылды, сонымен қатар «ҰЗМИ» РМК қызметкерлері қызықты сынақ іздестіруді өткізіп және танысып, диаграммалар мен патенттік ландшафтты көрді .
Іс-шара аналитикалық онлайн-шешімдердге негізгі қызығушылықты көрсететін, екіжақты талқылаумен аяқталды.