Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

«ҰЗМИ» РМК өкілдері «Зияткерлік меншік құқықтары бойынша құқықтық насихаттау» тақырыбындағы семинарына қатысты

14 қараша, 2018
2018 жылдың 14 қарашасында «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов бастаған өкілдері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Reed Smith LLP шетелдік кеңесші – заң фирмасы ұйымдастырған «Зияткерлік меншік құқықтары бойынша құқықтық насихаттау» тақырыбындағы семинарына қатысты. Спикерлер ретінде Reed Smith LLP серіктестері мен заңгерлері Джонатан Рэдклифф, Кларк У. Лакерт, Джон Гудвилл, сондай-ақ Duff & Phelps бағалау және корпоративтік қаржыландыру жөніндегі жетекші әлемдік консультанттың басқарушы директоры Джеймс Палмер сөз сөйледі.
Семинар шеңберінде зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, компьютерлік бағдарламалық жасақтаманы және компьютерлік технологияларды патенттеу, зияткерлік меншікті бағалау, зияткерлік меншікті коммерцияландыруға енгізу мәселелері талқыланды.
Іс-шараға қатысушылар спикерлердің халықаралық практикасына байланысты белсенді сұрақтар қойды, зияткерлік меншікті қорғауды қамтамасыз ету бойынша шет мемлекеттердің тәжірибесіне қызығушылық танытты, сондай-ақ Қазақстандағы ЗМ саласындағы хабардарлық деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті.