Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2018 жылдың 15 қарашасында "ҰЗМИ" РМК филиалының Оқу орталығы семинар өткізді

15 қараша, 2018

2018 жылдың 15 қарашасында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы Қазақстан-Ресей медициналық университетінің қызметкерлеріне арналған «Өнертабысқа өтінім беру рәсімі және өнімге сараптама жасау» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына аталған университеттің Ғылыми жұмыстар бойынша бөлім басшысы мен ғылыми қызметкерлері қатысты.

Лектор ретінде Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының басшысы Г.Ұ. Жакитова дәріс оқып, өнертабысқа өтінім беру рәсімі туралы кеңінен ақпарат берді. Қатысушылар семинар жұмысына белсенді қатысып, өнертабыстың патентке қабілеттілік талаптарына және өнертабысқа патент алуға берілген өтінімге сараптама жасауға қатысты сұрақтар қойды.

Шара соңында Ғылыми жұмыстар бойынша бөлім басшысы А.Т. Маншарипова ұйымдастырушыларға өткізген семинар үшін өз ризашылығын білдіріп, қызметте жеміс тіледі.