Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2018 жылдың 16 қарашасында Алматы қ. IT-махалласында конференциясы өтті

16 қараша, 2018

2018 жылдың 16 қарашасында Алматы қ. IT-махалласында «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ ұйымдастырған «Индустрия 4.0» конференциясы өтті. Шараның басты мақсаты – нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер бойынша және Индустрия 4.0 мәселелері бойынша Қазақстан экономикасының салалары мен секторларында инновацияларға сұранысты ынталандыруға қатысты Үкіметтің бағдарламалық құжаттарына ұсыныс жасау. Конференция жұмысына қаланың бизнес-құралымдарының өкілдері қатысты.

«ҰЗМИ» РМК атынан «Зияткерлік меншік» шеберлік-класы бойынша «Қазақстанда бизнесті дамытудағы тауар таңбаларын тіркеудің артықшылықтары» тақырыбында «ҰЗМИ» РМК филиалының Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді талдаулық зерттеулер бөлімінің басшысы – Ж.Е. Омарбекова дәріс оқыды. Сондай-ақ, осы шеберлік-класына жоғарыда аталған бөлімнің бас маманы – Б.О. Назаров қатысып, қатысушылардың авторлық құқық және электронды өтінім беруге қатысты сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, «Роботты техника, AR/VR» бейінді дөңгелек үстелінде «ҰЗМИ» РМК филиалының Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы – Ш.Ж. Әлімбеков «Роботты техника саласында ҚР-да қорғау құжаттарын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс соңында әрбір лектор конференция қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.

Шара аяқталған соң қатысушылар ұйымдастырушылар мен лекторларға өткізген кездесу үшін алғыс білдірді.