Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2018 жылдың 22 қарашасында "ҰЗМИ" РМК филиалының Оқу орталығы семинар өткізді

22 қараша, 2018

2018 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Алматы қ. филиалының («ҰЗМИ» филиалы) Оқу орталығы «Зияткерлік меншік объектілерінің түсінігі, оларды қорғау және сақтау» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – зияткерлік меншік саласындағы ҚР-ң кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсінік беру.

Лекторлар ретінде семинарға «ҰЗМИ» филиалының басқарма және бөлім басшылары, бас сарапшылары мен мамандары қатысты.

семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылды:

- өнертабысқа патент алуға арналған өтінімге қойылатын талаптар. Өнертабыстың патентке қабілеттілік шарттары;

- тауар таңбаларының, қызмет көрсету таңбаларының түсінігі және түрлері. Тауар таңбасын тіркеу туралы өтінімге қойылатын талаптар;

- өнеркәсіптік үлгіге патент;

- авторлық құқық объектілерін тіркеу;

- зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға арналған шарттар түрлері.

Тыңдаушылар баяндамашыларға көптеген сұрақтар қойды:

- авторлық құқық объектілеріне электронды өтінім беру;

- зияткерлік меншік объектілеріне берілген өтінімнің қарау мерзімдері;

- өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды беру рәсімдері.

Семинар соңында қатысушылар өткізілген құқықтық түсіндіру жұмысы үшін «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлеріне алғыс айтты.