Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

23 қарашада «ҰЗМИ» РМК өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел форматында республикалық кеңес өтті

23 қараша, 2018

2018 жылғы 23 қарашада республикалық кеңес «ҚР Білім беру ұйымдарында және ғылыми медициналық ұйымдарда ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру және ілгерілету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласы, Қарағанды қаласы, Семей қаласы және Ақтөбе қаласы медициналық университеттерінің өкілдері қатысты. Медициналық университеттердің ғылыми зерттеу нәтижелерін ілгерілеу және коммерцияландыру саласындағы іс-әрекеттердің ағымдағы жағдайы мен жоспарлары туралы баяндамалар тыңдалды.

«ҰЗМИ» РМК бас сарапшы Д.К. Темірғалиев, К. және бас маманы А.Ж. Саякова «Зияткерлік меншікті қорғау процесін басқару (қорғау құжаттарын алу және шарттарды лицензиялау)» тақырыпқа презентация жасады.

Дөңгелек үстел соңында қорытынды жасалып, қатысушылардың сұрақтары талқыланды.