Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2018 жылдың 23 қарашасында "ҰЗМИ" РМК филиалының Оқу орталығы семинар өткізді

23 қараша, 2018

2018 жылдың 23 қыркүйегінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалы Алматы қаласының И.В. Панфилов атындағы №54 мектеп-лицейінде 9 сынып оқушыларына арналған «Өнеркәсіптік меншік объектілерінің негіздері және оларды қорғау.Авторлық құқық негіздері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына аталған мектептің мұғалімі және оқушылары қатысты.

Лекторлар ретінде бас маман Б.О. Назаров және маман Ә.М. Куренкеева дәріс оқып, зияткерлік меншік объектілері туралы кеңінен мәлімет берді.

Семинар барысында оқушылар белсенділік танытып, зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық объектілерін қорғау, автордың құқықты пайдалану туралы және басқа да сұрақтар қойды. Шара соңында мектеп мұғалімі Х.И. Шинва ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдіріп, қызметте жеміс тіледі.